Ұлытау жұртшылығы Меруерт Өтекешоваға күтпеген сый жасады
2044
«Қыз Жібектің» жұлдызына ерекше құрмет көрсетілді
Ұлытау облысында өткен республикалық «Арқа аруы» байқауында қазақ киносының белгілі актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова ерекше құрметке ие болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жаңаарқа ауданында ұйымдастырылған мәдени шара марқұм Ақмарал Әлтайдың рухына арналды. Байқаудың бастамашысы – Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.
Іс-шараға қоғам және өнер саласының бірқатар танымал өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қанат пен Света Айтбаевтар, сондай-ақ тележүргізуші Динара Сәтжан болды.
Байқаудың құрметті қонағы болған Меруерт Өтекешоваға жергілікті тұрғындар қазақтың ежелгі дәстүрімен құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Жиналған қауым бұл сый-құрметті өнер майталманының қазақ мәдениеті мен кино өнеріне қосқан үлесіне берілген жоғары баға ретінде қабылдады.
Көпшілік арасында бұл оқиға кең қолдау тауып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі ретінде бағаланды.
Соңғы жаңалықтар
09.09.2026
17:31
Ер адам дәмхана ішінде әйелі мен қызын атып өлт...
09.09.2026
17:04
«Қазақмыс» Жезқазған кенішінің жұмысын ұзарту ү...
09.09.2026
16:55
Тоқаев Самұрық-Қазына басшысынан қор есебін сұрады
09.09.2026
16:20
Олигархтардан тартып алынған пәтерлер сатылымға...
09.09.2026
15:45
«Мен кінәлі емеспін»: Ұлдана Мырзуанның ісі бой...
09.09.2026
15:25
Саясаткер: Өзбектер қара жұмыстан қашпайды, эко...