"Үміт бар": СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың елге қайтарылуына қатысты мәлімдеме жасады
2014
ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Вице-министр қазіргі таңда Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға әлі жеткізілмегенін мәлімдеді.
Министрліктің дерегінше, оны елге қайтару бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда нақты қандай шаралар қабылданып жатқанын Ашықбаев ашып айтпады.
«Қарамағымда болмағандықтан қандай шаралар қолданылып жатқанын нақты айта алмаймын. Жазбаша сауал жіберсеңіздер, ақпарат беретін боламыз. Әрине, ол Қазақстан Республикасының азаматы болғаннан кейін бұл мәселе ұдайы бақылауда. Үмітіміз бар, бірақ қаншалықты жүзеге асатынын уақыт көрсетер», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...