"Ұмытып кетпегеніне рахмет": Қыдырәлі Болман кімге өкпелі?

13.08.2026 10:59 Мөлдір ҚАЙНАР
72
Фото: әлеуметтік желі

Продюсер әрі "Ұлытау" тобының негізін қалаушы Қыдырәлі Болман аңызға айналған "АБК" тобының мүшелерімен кездесіп, ел аралап турне өткізу жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Музыкант өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында топтың құрылу тарихын еске алып, қазақ эстрадасының қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.

"Келесі жылы «АБК» тобын құрғанымызға, Ерлан мен Медеу үшеуіміз бірлікке келгенімізге 30 жыл болады екен, Құдайға шүкір. Енді концерт дайындайық па, Қазақстан бойынша елді аралап турне жасаймыз ба деп ойланып отырмыз", – деді Қыдырәлі Болман.

Бұл жазбадан кейін желі қолданушылары "АБК" тобына тиісті баға берілмей жүргенін айтып, пікір қалдырды. Оқырмандардың бірі топтың еңбегін өзге ұжымдармен салыстырғанда, продюсер оған ризашылық білдіріп, біреулердің ұмытшақтығына меңзеді.

Оқырманның қолдауына жауап берген ол кейбіреулер сияқты ұмытып кетпегені үшін оған Алланың разылығын тіледі.

Желідегі жұртшылық бұл сөздердің кімге бағытталғанын түсінбей, түрлі болжам жасап жатыр. Қолданушылар пікірде мұның билікке немесе басқа әріптестерге қатысты айтылған-айтылмағанын сұрауда.

Войдите, чтобы оставить комментарий