ҰҚК Шымкенттегі санэпидбақылау басшысын тергеп жатыр

09.09.2026 19:10 Абзал БАХЫТЖАНОВ
ҰҚК Шымкенттегі санэпидбақылау басшысын тергеп жатыр
124
Фото: gov.kz

Шымкентте Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұрат Бейсенбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін желіде шенеуніктің құрықталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты Politico.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) арнайы сауал жолдады. 

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген бөлімше бастығы Олжас Бектенов қол қойған жауапта.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Мұрат Бейсенбаевты 1 қыркүйекте ҰҚК Шымкент қалалық департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қолға түсірген. Ол пара алып жатқан сәтінде құрықталған.

Журналистің мәліметінше, тергеу нұсқасы бойынша шенеунік өзінің бағыныштылары арқылы кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша алып отырған. Ол мұндай ақы үшін өз мекемесі атынан оң қорытындылар беріп келген. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі, яғни «Адамдар тобында пара алу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Бейсенбаев Мұрат кім?

Бейсенбаев Мұрат Сембекұлы – 1970 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.

1994 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын медициналық-профилактикалық іс мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы "Әулие-Ата" университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

20.08.2002 – 11.06.2003
Оңтүстік қазақстан облысы санитарлық эпидемиологиялық қызметінің санитарлық дәрігері, Шымкент қаласы

16.08.2003 – 26.08.2004
ОҚО Санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық - гигиеналық бөлімінің бас маманы, Шымкент қ

26.08.2004 – 23.05.2005
ОҚО Санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының еңбек гигиена бөлімінің бастығы, Шымкент қ.,

23.05.2005 – 26.04.2006
Түркістан қаласы санитарлық - эпидемиологиялық сараптау орталығының директоры, Түркістан қ.

26.04.2006 – 13.10.2006
ОҚО санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының директоры, Шымкент қаласы,

13.10.2006 – 14.05.2007
ОҚО санитарлық - эпидемиологиялық сараптау орталығының радиология зертханасының дәрігер - лаборанты, Шымкент қ.

14.05.2007 – 06.07.2007
ОҚО Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар, ақпараттық қамтамасыз ету және мониторинг бөлімінің бас маманының м.а., Шымкент қ.

06.07.2007 – 02.11.2007
ОҚО Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар, ақпараттық қамтамасыз ету және мониторинг бөлімінің бас маманы, Шымкент қ.

02.11.2007 – 23.10.2008
Түлкібас аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы, Түлкібас ауданы

23.10.2008 – 26.02.2009
Түлкібас аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы, Түлкібас ауданы

26.02.2009 – 12.04.2011
Түлкібас ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы, Түлкібас ауданы

12.04.2011 – 16.05.2014
ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ОҚО Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің коммуналдық объектілерді санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, Шымкент қ.

16.05.2014 – 02.12.2014
ОҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің коммуналдық объектілерді және ескертпелі санитарлық-гигеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, Шымкент қ.

02.12.2014 – 13.12.2016
ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ОҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы., Шымкент қ.

14.12.2016 – 12.04.2017
ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ОҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Мақтарал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы, Шымкент қ.

12.04.2017 – 29.05.2017
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Мақтаарал аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы., Жетісай қаласы.

29.05.2017 – 09.10.2017
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Мақтаарал аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы., Жетісай қаласы.

10.09.2017 – 04.12.2018
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Түркістан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Түркістан қаласы

05.12.2018 – 27.03.2019
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Түркістан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Түркістан қаласы

28.03.2019 – 19.06.2019
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Түркістан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Түркістан қаласы

20.06.2019 – 17.11.2020
ҚР ДСМ СЭБК Шымкент қ.СЭБД Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басқарма басшысы, Шымкент қ.

17.11.2020 – 24.04.2023
ҚР ДСМ СЭБК Шымкент қ.СЭБД Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басқарма басшысы, Шымкент қ.

24.04.2023 – 23.05.2023
ҚР ДСМ СЭБК Шымкент қ.СЭБД Шымкент қаласы Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Шымкент қ.

24.05.2023 жылдан бері ҚР ДСМ СЭБК Шымкент қ.СЭБД Шымкент қаласы Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, Шымкент қ.

Войдите, чтобы оставить комментарий