«Үш баламен далада қалдым»: жазушы Қуандық Түменбайдың келіні көмек сұрады

30.04.2026 08:58 Мөлдір Қайнар
«Үш баламен далада қалдым»: жазушы Қуандық Түменбайдың келіні көмек сұрады
181
Фото: видеодан скриншот

Желіде өзін жазушы Қуандық Түменбайдың бұрынғы келінімін деп таныстырған келіншек көпшілікке үндеу жасап, көмек сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі Еркебұлан үш баласымен бірге оны қиын жағдайда қалдырған. 12 жыл осы әулеттің келіні болған Жазира қазіргі таңда бұрынғы жұбайының қарызын өз бетімен өтеуге мәжбүр екенін, ал алимент мүлде төленбегенін айтады. Ол бірнеше рет балаларын ертіп, бұрынғы қайын жұртының үйіне барғанымен, жазушы мен жұбайы полиция шақырып, үйден шығарып жібергенін жеткізді. Амалы таусылғанын айтқан әйел Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялап, елден қолдау сұраған.

«Бұрынғы күйеуім маған айфон алдырып, мобилограф боламын деді. Артынан түк болмағандай тоқал алып, қыдырып жүр. Қызбен SMM курс оқып жүріп танысыпты. Енді екі ай болды, не несиені төлемейді, не алимент төлемейді. Не үлкен адам сияқты байланысқа шықпайды. Үш балам не жеп, не ішіп жатыр деп ойлап отырған жоқ. Әкесі жазушы, анасының атында қаншама пәтерлері бар. Төлеймін десе бір күнде бәрін жауып тастауға жағдайлары жетеді. Толық жауып берсе мүлдем байланысқым келмейді. Қазір бірақ басқа амалым жоқ», – деп жазды Жазира.

Оның сөзінше, қазір декреттік демалыста отырғандықтан тұрақты табысы жоқ, ал табысының басым бөлігі балалардың күнделікті қажеттіліктеріне жұмсалады. Әйел бұрынғы күйеуінің жағдайы болмаса түсінуге болатынын, алайда оның басқа отбасы құрғаннан кейін балаларына мүлде көңіл бөлмей кеткеніне қынжылатынын жеткізді.

«Бөліп төлеймін деген еркек сөзінен тайып, бірде-бір рет байланысқа шықпады, қашып жүр. Балаларыммен үйіне бардым, әке-шешесімен жабылып қуып шықты. Видеоға түсіріп тұрған балаларым. Немерелерінен аяқ тартар деп бірінші рет алып барған едім, бірақ ол да көмек бермеді», – дейді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий