«Үш рет ұсынылдым»: Роза Рымбаева неліктен депутат болмағанын айтты

«Үш рет ұсынылдым»: Роза Рымбаева неліктен депутат болмағанын айтты
26.10.2025 11:46
0
287

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Роза Рымбаева журналист Қанат Тілеуханғаберген сұхбатында саясатқа араласпайтынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Рымбаева өзінің 3 рет депутаттыққа ұсынылғанын, бірақ бұл ұсыныстардан бас тартқанын ашық жеткізді.

«Мен үш рет депутаттыққа ұсынылдым. Екі рет — «Нұр Отан» партиясынан, бір рет —Бостандық ауданының әкімдігі тарапынан. Бірақ мен үшеуінен де бас тарттым. Себебі мен саясаткер емеспін, заңгер емеспін. Менің өмірім өнермен байланысты», — деді Рымбаева.

Өнер иесі кейбір әріптестерінің саясатқа атақ үшін барғанын сынға алды.

«Сен де көріп жүрсің ғой, депутат болып отырған әншілер мен актерлер бар. Олардың нақты қандай жұмыс атқарып, қоғамға не үлес қосқанын білмейміз. Менің ойымша, көбісі жай ғана мәртебе үшін барды», - деді Рымбаева.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий