«Үш жыл - үш ұл»: Ерке мен RaiM Мальдивте мерейтойын атап өтті
Танымал өнер иелері Ерке Есмахан мен RaiM отбасылық өмірлеріндегі маңызды датаны атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың шаңырақ көтергеніне биыл үш жыл толған. Осы айтулы күнді жұп Мальдив аралдарында, мұхит жағасында қарсы алған. Бұл қуанышты сәтпен Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«19 қаңтар. Шаңырақ көтергенімізге 3 жыл. Нәтижесі бақытты біз және үш ұл. Бәрін хайырлы етіп бұйырған Аллаға сансыз шүкір. Мальдив аралында, мұхит жағасында атап өттік», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.
«Бақыттарыңыз баянды болсын», «Қандай жарасымды жұп», «Бізге де жұғысты болсын», — деп жазды оқырмандар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...