"Ұсынысты қабыл алдым": Мөлдір Мұқан жақсы жаңалығымен бөлісті
Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында отандық жаңа телехикаяға түсуге шақырту алғанын хабарлады, деп жазады Politico.kz.
Өнер иесі бұл ұсынысты қабылдап, жобаның өзі үшін шығармашылық жолындағы жаңа кезең екенін атап өтті.
"Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін кейінірек айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын туынды болатынына сенемін", – деді ол.
Сериалда медицина қызметкерлерінің күнделікті ауыр да жауапты жұмысы баяндалады.
"Ақ халатты абзал жандардың жұмысы үнемі көзге көріне бермейді. Бірақ түрлі сынаққа тап болып, дертпен бетпе-бет келгенде олардың қадірін түсінеміз. Осы тақырыпты кино арқылы халыққа жеткізіп жатқан ұлттық арнаға және түсірілім тобына алғысымды білдіремін", – деп түйіндеді Мөлдір Мұқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...