"Үтік басқан, шырпымен күйдірген". Шымкентте әйел туған балаларын азаптаған

21.01.2026 12:30 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
389
Фото: коллаж politico.kz

Шымкент қаласында кәмелетке толмаған балалардың қатыгездікке ұшырауына қатысты сұмдық дерек белгілі болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, 12 және 9 жастағы ұл мен қыз бірнеше күн бойы өз туған анасының тарапынан ауыр қорлық көрген, деп хабарлайды politico.kz.

Балалардың денесінде сау жер қалмаған. Оларды соққыға жығып қана қоймай, үтікпен күйдіріп, түрлі тұрмыстық заттармен азаптағаны анықталған. Сондай-ақ қыз баланың шашын күштеп тақырлап алып тастаған. Бұл зорлық-зомбылық бірнеше күн қатарынан жалғасқан.

Жәбірленуші балалардың әжесі Мұхаббат Ергешованың айтуынша, немерелеріне жасалған қиянатты көргенде жүрегі қарс айырылған.

«Үтікпен басқан, темірмен ұрған, үтіктің сымымен сабаған. Қошқар атаның суына, кейін шараға батырып азаптаған. Шаштарын жұлып, тақырлап тастаған. Үлкен екі балаға – бір ұл, бір қызға осылай істеген. Төрт күн бойы тоқтамай қорлаған. Кей жерлерін шырпымен күйдірген, тіпті вилканы отқа қыздырып, баланың аузын күйдірген», – дейді әжесі.

Балалардың ауыр жағдайын алғаш болып мектеп мұғалімдері байқаған. Білім ордасы өкілдерінің айтуынша, қысқы демалыстан кейін оқушылар сабаққа келмей қалған. Анасы түрлі сылтау айтып, балалардың мектепке бармауын ақтауға тырысқан.

Қазіргі таңда жәбірленуші балаларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету шаралары қолға алынған. Мектеп әкімшілігі де балаларды жан-жақты қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Оқиғаға қатысты құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Балалар қауіпсіз жерге орналастырылып, олардың құқықтары мемлекет бақылауына алынған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий