"Үйіне кіріп, соққыға жыққан": Түркістан облысында 65 жастағы зейнеткерді тонаған күдіктілер ұсталды
Түркістан облысы Леңгір қаласында 65 жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алған екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Politico.kz
Полиция мәліметінше, оқиға түнгі уақытта орын алған. Екі ер адам жәбірленушінің үйіне заңсыз баса-көктеп кіріп, зейнеткерге дене жарақатын салған және оның ұялы телефонын алып, ізін суытқан.
Шабуылға қатысты бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Төлеби ауданының қос тұрғынын анықтап, қамауға алды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Істің барысы Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...
15.10.2026
18:22
55 оқушы ауруханада: Алматыдағы жаппай улануға ...
15.10.2026
17:53
Ақтөбеде билік митинг өткізуге келісім берді