Вице-премьер Роман Скляр ҚТЖ басшысының боғауыз видеосына жауап берді
1680
Вице-премьер Роман Скляр ҚТЖ басшысының қоластындағыларына боғауызбен сөгіп жатырған видеосына жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Желіде Қазақстан темір жолы компаниясының лауазымды қызметкері Асан Үмбетовтың боғауыз сөздер айтып, қоластындағыларын тілмен сөгіп жатқан видеосы тараған еді. Осыған байланысты Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр мәлімдеме жасап, жағдайға түсініктеме берді.
«Иә, өкінішке орай мұндай жағдай болды. Әлбетте, этика сақтау кез келген басшы үшін міндет. Бірақ Нұрлан Ермекұлы айтқандай ҚТЖ өте күрделі сала. Мұнда ең бастысы қауіпсіздік. Сол себепті бұл қызметкермен әңгіме жүргізілді. Ол өз әрекетін түсініп, қателігін мойындады. Оның жұмыс жалғастыруы дұрыс болады», — деді Роман Скляр.
Айта кетейік, желіде ҚТЖ басшысы қоластындағыларын боғауызбен сөгіп жатырған видео тарап жатырғанын айтқан едік.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
17:35
Шикізат өзіміздікі, өңдеу өзгеде: Қазақстан мыс...
05.10.2026
17:06
Алматы облысында екі баланы қағып кеткен жүргіз...
05.10.2026
17:04
Экс-әкім Досаевтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды
05.10.2026
16:32
Каспийдегі қасіреттен кейінгі тексеріс: Смайыло...
05.10.2026
16:12
Тағы бір бойжеткен полицейлерді жыныстық сипатт...
05.10.2026
16:00
«Үйінен қашып кеттім»: Абай Бегейдің қызы қалай...