ВИЧ-ке қарсы 100% тиімді препарат ойлап табылды
ВИЧ жұқпасын толық жоятын революциялық дәрі
АҚШ-та жылына екі рет салынатын ВИЧ-ке қарсы жаңа препарат ұсынылды
АҚШ-та Yeztugo деп аталатын ВИЧ-ке қарсы ұзақ әсер ететін профилактикалық препарат ресми түрде мақұлданып, медициналық ортада үлкен жаңалыққа айналды. Бұл препарат жылына небәрі екі рет қана егіледі және вирус жұқтыру қаупін 99–100% деңгейінде болдырмайды.
Алайда бұл техникалық тұрғыдан вакцина емес. Yeztugo — ленакапавир негізіндегі инъекциялық алдын алу препараты (PrEP).
Негізгі ерекшеліктері:
- Препарат тері астына егіледі және әр 6 ай сайын бір рет қана қолданылады;
- 7 мыңнан астам ерікті қатысқан клиникалық сынақтарда оның тиімділігі 99% жоғары болған;
- Жасөспірімдер мен ересектерге арналған (дене салмағы 35 кг-нан жоғары);
- Препарат ВИЧ вирусының репликациясына жауапты капсид қабықшасын бұғаттайды;
- Құны жоғары — бір инъекция шамамен $14 000 тұрады, бірақ болашақта қолжетімділігі артуы мүмкін.
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) бұл препаратты 2025 жылғы 18 маусымда ресми түрде мақұлдады. Ол ВИЧ-ке қарсы күрестегі соңғы онжылдықтағы ең ірі жетістіктердің бірі деп бағаланып отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды
20.10.2026
17:05
Серік Ибрагимов 50 жасқа толған Мейрамбек Бесба...
20.10.2026
16:50
Павлодарда апалы-сіңлілі екі баланы зорлап, ВИЧ...