Яна Легкодимованың өлімі: Қылмыскерлердің қайда отырғаны белгілі болды
Атыраулық Яна Легкодимованың өліміне кінәлі деп танылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылғаннан кейін жазасын өтеу үшін ерекше режимдегі №39 мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл мекеме халық арасында “Қара бүркіт” деген атаумен белгілі және мұнда өмір бойына сотталғандар ғана қамауда отырады.
Осыған дейін сотталғандардың нақты қай түзеу мекемесінде екені қоғам арасында қызу талқыланған болатын. Тіпті “NeMolchiKZ” қоғамдық қоры Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, олардың Қостанайдағы №76 мекемеде отырғаны туралы ақпараттың рас-өтірігін анықтауды сұраған.
Бұған дейін құзырлы орган жәбірленуші тарапқа сот үкімінің заңды күшіне енгенін және сотталғандардың жазасын өтеп жатқанын растаған. Алайда олардың нақты қай колонияда екені жарияланбаған еді.
Қазіргі таңда Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовтың өмір бойына сотталғандарға арналған №39 мекемеге жеткізілгені белгілі болды. Дегенмен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті олардың этаппен қашан және қалай жеткізілгеніне қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Еске салайық, Яна Легкодимованың өлімі қоғамда үлкен резонанс туғызып, іс ұзақ уақыт бойы көпшіліктің жіті назарында болды.
Соңғы жаңалықтар