"Залал - 8,5 млн теңге": Түркістан облысында келін енесін тонап кеткен
1402
Түркістан облысында полицейлер 8,5 миллион теңгеге жуық шығын келтірілген пәтер ұрлығын әшкереледі. Тергеу барысында күдікті ретінде жәбірленушінің келіні анықталған, деп хабарлайды Politico.kz.
Полицияға облыс тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, үйінен алтын бұйымдар мен ірі көлемдегі ақша қаражаты жоғалған. Арыз түскеннен кейін жедел-тергеу тобы құрылып, тексеру басталған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті әйел мамыр айынан бері енесінің үйінен жүйелі түрде алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны ұрлап отырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 8,5 миллион теңгені құраған.
Тергеу кезінде келіннің ұрланған алтын бұйымдарды ломбардтарға өткізгені, ал түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсағаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...