Заңгер Ербаян Мұхтардың ісі бойынша қуанышты жаңалықты жеткізді (ВИДЕО)
Әскери борышын өткеру кезінде бас сүйек-ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтардың ісін бас прокуратура тексереді. Бұл туралы отбасының заңгері Инга Иманбай айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
«Бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалдарды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді. Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз», - деді Иманбай.
Еске салайық, Ұлттық ұлан өкілдері әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Ербаян Мұхтар дәретханада құлап қалып, жарақат алғанын мәлімдеген еді. Алайда жігіттің ата-анасы бұған сенбейді. Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен, оған 5 рет ота жасалды. Осы жылдың басында ол Түркияда емінің бірінші кезеңін аяқтап, елге оралған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
22:19
Реджеп Тайып Ердоған Қазақстан әуе кеңістігінен...
02.11.2026
20:58
Қазақстанда «Кек алушылар: Доктор Дум» фильміні...
02.11.2026
19:46
Алматыда «Dostyk Plaza» СӨО келушілері жарылыс ...
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...