Зерендіде аң аулау кезінде байқаусызда атылған мылтықтан 64 жастағы ер адам мерт болды
Aқмола облысына қарасты Зеренді ауданында аң аулау кезінде қарудан оқ атылып, бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға 6 қыркүйек күні болған. Аң аулау барысында Көкшетау қаласының тұрғынына тиесілі аңшылық мылтықтан байқаусызда оқ атылып кеткен.
Соның салдарынан 64 жастағы ер адам ауыр оқ жарақатын алып, жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеушілер мылтықтың атылу себептері мен аңшылардың әрекетін қоса алғанда, оқыс оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...