Жағажайдан бір отбасының үш мүшесінің мәйіті табылды

Жағажайдан бір отбасының үш мүшесінің мәйіті табылды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Түркия жағажайларының бірінен бір отбасының үш мүшесінің денесі табылып, хабар-ошарсыз кеткен тағы бір қыз аман құтқарылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бастапқыда жағалауға екі әйел адамның, кейінірек ер адамның денесі шығып қалған. Куәгерлер оқиға туралы шұғыл қызметтерге хабарлап, оқиға орнына жедел түрде дәрігерлер, полиция және жағалау күзеті жеткен.

Марқұмдардың жеке басы анықталды. Олар бір отбасының мүшелері: 17 жастағы Мұхаммед Әли Сакар, 24 жастағы Гүлшах Сакар және 15 жастағы Белинай Сакар болып шықты. Ал бұған дейін із-түзсіз кетті деп саналған төртінші сіңлісі Бильгенур Сакар іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде тірі табылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу