"Жағдайын жасау үшін қосылды деді" - Бағдат Әшімова

26.12.2025 09:37 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
267
Фото: ашық дереккөз

Қазақ киносының майталманы, аңыз актер Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова 2021 жылы Stan.kz порталына берген сұхбатында көпшілік біле бермейтін жайттарды айтып, ұлы тұлғаның күрделі де ауыр тағдыр жолы туралы ашық сыр бөлісті, деп хабарлайды politico.kz.

Сұхбат барысында Бағдат ханым Асанәлі Әшімовпен қалай танысқанын және шаңырақ көтеруге қалай шешім қабылдағанын баяндады. Оның айтуынша, актер өмірінің ең ауыр кезеңін бастан өткеріп жүрген сәтте жолдары түйіскен.

«Асекеңнің отбасында бес адам болған: анасы, жары және екі ұлы. Біздің ауруханаға емделуге келген кезінде ол жары мен қос ұлынан айырылып, соңғы жұбанышы болған анасын да жер қойнына тапсырып жатқан кезі еді. Анасының қырқын өткізіп келіп, ауруханаға алғаш рет сол кезде жатты», – деп еске алды ол.

Бағдат Әшімованың айтуынша, сол күндерден кейін Асанәлі Әшімов оған жиі хабарласып, хал-жағдайын сұрап жүрген. Бірде актер оған өз кітабын сыйлап, ара-қатынастарында жаңа кезең басталған.

«Ол маған “Жан бөлек” атты кітабын сыйлады. Оқып отырып, “осы кісіні бақытты ете алар ма едім?” деп ойландым. Кейін бірге болуды ұсынғанда қатты таңғалдым. Үйдегілермен ақылдасу үшін уақыт сұрадым. Анам бірден қарсы болды, ағам да ашуланды, тек әкем үндемеді», – деді Бағдат ханым.

Алғашында отбасының қарсылығына байланысты бұл ұсынысты қабылдай алмағанын айтқан ол, уақыт өте келе шешім өзгергенін жеткізді. Асанәлі Әшімов асықпау керегін айтып, сабыр танытқан.

«Кейін ата-анаммен қайта сөйлестім. Бұл жолы олар батасын берді. Шағын ғана той жасап, отбасын құрдық. Кейін түрлі жиындарға бірге барғанда әртүрлі көзқарас болды. “Атағына қызықты” деген әңгімелер де айтылды. Бірақ мен ішімнің ақ екенін біліп, өз таңдауымнан таймадым», – деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий