"Жағымсыз иісі үшін": Алматыда жүргізуші әжейді автобустан шығарып жіберді

24.12.2025 22:02 Берік Арманов Берік Арманов
0
98
Фото: видеодан скрин

Оқиға қаладағы №118 бағыттағы автобуста болған, деп хабарлайды Politico.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Бір сәтте автобустың ішінде қатты зәрдің иісі сезіле бастады. Алғашында мән бермедім, иіс сырттан кіріп жатыр деп ойладым. Алайда біраз уақыттан кейін басқа жолаушылар да иіске шағымдана бастады. Жағымсыз иістің бір әжейден шығып жатқаны анықталды”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Жүргізуші жолаушылардың шағымдары мен өтінішін ескере отырып, әжейді аялдамалардың бірінде түсіріп кетуге мәжбүр болған.

"Жолаушылар тасымалы ережелерінің белгіленген нормаларына сәйкес, егер жолаушының салонда болуы айналасындағыларға айқын қолайсыздық туғызса немесе санитарлық талаптарды бұзса, жүргізуші мұндай жағдайға әрекет етуге міндетті. Аталған оқиғада да жолаушылардан бірнеше рет шағым түскеннен кейін осындай шешім қабылданды. Жүргізуші сыпайы әрі дұрыс әрекет етті, жүргізуші тарапынан ешқандай заңбұзушылық болған жоқ", – деп жауап берді автопарк өкілдері.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий