Жайлы мектеп қандай болады: Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды
Жоба аясындағы мектептердің орналасатын орны мен толтырылуы туралы мәліметті, сондай-ақ өзекті сұрақтарға жауаптарды «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ресми парақшасынан табуға болады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігі бірыңғай оператор Samruk-Kazyna Construction-ға сілтеме жасап хабарлады.
3D турды мына сілтемеде тамашалауға болады.
Үш деңгейлі үлгіде мектептің ішкі құрылысы, сыныптардың, асхананың, спорт залдарының, дәліздің орналасуы көрсетілген.
Көріністер мейлінше шынайыға жақындатылған, мұнда интерьер дизайнын, жиһаздарды, безендірілуін тамашалауға болады.
Бұдан басқа кері байланыс нысаны арқылы кез-келген сұраққа жауап алуға болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен оқушы орнының тапшылығын шешу, апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Қазақстанда «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асып жатыр.
Жоба аясында 740 мың орынға арналған 369 жаңа форматтағы мектеп салынады, оның 217-сі осы жылдың соңына дейін, қалған 152 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі заманауи эргономикалық және қауіпсіз білім ортасын құру мақсатында қажетті нормативті құқықтық база әзірленіп, мектеп құрылысы кезіндегі талаптарды белгілеген болатын.
Сонымен қатар болашақ жайлы мектептерде оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оны сапалы кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...