"Жаман ойым болған жоқ": Вайнeр Мейіржан Төребаев сотталғаннан кейін алғаш рет сұхбат берді
Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған блогер Мейіржан Төребаев алғаш рет сұхбат беріп, зардап шеккен халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұл жағдайдың өзі үшін де, өзге танымал тұлғалар үшін де үлкен сабақ болғанын жеткізді.
"Осы жағдайдан кейін еркіндігімнен айырылдым, отбасымның жанында болмадым. Бұл жағдайдан біреулер сабақ алса, мүмкін бұл мен үшін де жақсы шығар. Барлық блогерлерге, танымал адамдарға айтарым: не жарнамалап жатқандарыңызды білу үшін барлық құжатты мұқият тексеріңіздер", – деді блогер.
Сондай-ақ вайнер өзіне сеніп қаржы құйған салымшылардың алдында өкініш білдірді.
"Әрбір салымшыдан кешірім сұрағым келеді. Олар менің жарнамама сеніп, осындай жағдайға ұшырап қалды. Олардан шын жүректен кешірім сұраймын. Жаман ойым болған жоқ, осылай болғаны өкінішті. Сену-сенбеу өз еріктеріңізде, бірақ арам ойым болған емес", – деп түйіндеді Мейіржан Төребаев.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...