Жамбыл облысында бозбала өз-өзіне қол жұмсады

08.07.2026 11:35 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Жамбыл облысында бозбала өз-өзіне қол жұмсады
115
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысының Қордай ауданында жас жігіт өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Сортөбе ауылында болған. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сүйенсек, 2008 жылы туған жігіт асылып қалған. Куәгерлердің сөзінше, ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмып, дәрігерлер тек өлім фактісін тіркеді.

Жамбыл облыстық полиция департаменті қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растап, жауап берді.

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", — деп жауап келді полициядан редакциямызға.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Жамбыл облысының Қордай ауданында суицид жасаған екі жасөспірімнің мәйіті табылған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий