Жамбыл облысында желді дауылдан кейін 13 ауыл жарықсыз қалды
784
Жамбылда дауылдан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталды
2026 жылғы 21 ақпан күні таңғы сағат 04:00 шамасында Т. Рысқұлов ауданы аумағында екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен қатты жел соқты. Табиғи құбылыс салдарынан бірқатар елді мекендерде инфрақұрылым нысандары зақымданды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 7 елді мекендегі 25 нысанның шатыры бүлінген. Оның ішінде 8 әлеуметтік нысан бар. Сонымен қатар 13 елді мекенде электр жарығы уақытша сөнсе, 3 ауылда газ беру тоқтатылған.
Қазір электр және газ жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына 9 бригада жұмылдырылды. Мамандар апат салдарын жою және нысандарды толық зерделеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Коммуналдық желілер штаттық режимге көшу кезеңінде.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес, оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров аттанды.
Ресми дерекке сүйенсек, зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жағдай жергілікті биліктің бақылауында.
Соңғы жаңалықтар
03.09.2026
23:08
Түркістан облысында пойыз вагоны рельстен шығып...
03.09.2026
22:36
Андрей Сибига: Астана Зеленский мен Путин кезде...
03.09.2026
22:19
Тоқаев жаңа СІМ басшысына маңызды тапсырмалар ж...
03.09.2026
22:12
Украина министрі КҚК-ға шабуыл туралы: Қазақста...
03.09.2026
21:52
KeshYou-дің экс-әншіс: Күйзелістен салмағым 59 ...
03.09.2026
21:39
Оралда 10 жасар оқушыны тоқ соғып, көз жұмды