Ресейлік әскери ұшақтың Атырау әуежайына не үшін қонғаны белгілі болды
1331
Бағдарын жоғалтқан Су-30 Атырауға қонуға мәжбүр болды
20 ақпанда таңғы сағат 09:40 шамасында ресейлік Су-30 жойғыш ұшағы Атырау қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежай аумағына жоспардан тыс қону жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, әскери әуе кемесі Каспий теңізі акваториясында оқу-жаттығу ұшуын орындап жатқан. Тапсырма барысында ұшқыш кеңістіктік бағдарын жоғалтып, қауіпсіздік мақсатында қону туралы шешім қабылдаған.
Ұшақ әуежайға штаттық режимде сәтті қонды. Оқиға салдарынан жолаушыларға да, әуежай жұмысына да ешқандай қауіп төнген жоқ.
Ұшқышқа медициналық көмек көрсетіліп, тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін әуе кемесі Қазақстан аумағынан ұшып шықты.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
15:24
Президент қолынан марапат алған педагогтардың т...
05.10.2026
15:12
Президент: Еңбексіз ешқандай табыс та, жетістік...
05.10.2026
15:00
Тоқаев жастарды ақпарат тасқынынан қорғайтын жа...
05.10.2026
14:51
Тоқаев мұғалімдікке бет бұрған жастардың көбейг...
05.10.2026
14:44
Соңғы 7 жылда Қазақстанда 1342 мектеп салынды
05.10.2026
14:38
Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді мерекесімен құ...