Жамбыл облысында жүк көлігі аударылып, өрт шықты (ВИДЕО)

Жамбыл облысында жүк көлігі аударылып, өрт шықты (ВИДЕО)
Видеодан кадр
ТЖМ өртке оранған жүк көлігін жедел сөндірді

Жамбыл облысының Жуалы ауданында, «Алматы–Ташкент» автожолының 560-шақырымында орналасқан Нұрлыкент ауылы маңында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.

Апат салдарынан қозғалтқыш майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, артынша өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік аударылғаннан кейін жүк көлігі мен төгілген жанар-жағармай материалдары отқа оранған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті.

Құтқарушылар келген сәтте жүк көлігі мен төгілген жанар-жағармай ашық жалынмен жанып жатқан. ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу