Жамбыл облысының әкімі Мойынқұмдағы оқиғаға байланысты жастарға үндеу жасады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданында болған оқиғаға байланысты өңір жастарына үндеу жариялады. Ол бұл жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын айтып, құқықбұзушылыққа қатысы бар азаматтар заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқанындай, заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіп – мемлекеттің басты ұстанымы. Бұл жолда ешкімге жеңілдік жасалмайды. Күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады", – деді әкім.
Ол жастарды тәртіп пен адамгершілікке үндеп, өзара сыйластық пен түсіністікке шақырды.
"Жастар – ел болашағы. Сондықтан тәртіп пен заңды сақтау, адамгершілік пен жауапкершілікті сезіну – әрбір жастың борышы. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – өзара құрмет пен мейірімнен басталады. Барша жастарды тәртіпті болуға, бір-біріне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға, арандатушылықтан аулақ болуға шақырамын. Біздің басты мақсатымыз – қауіпсіз, әділетті және бірлікке негізделген қоғам құру.", – деді Ербол Қарашөкеев.
Мойынқұмда 4 жігітке оқ атқан екі күдіктіге іздеу жарияланғаны жайлы айтқан едік.
Соңғы жаңалықтар





