Жамбылда жасөспірімдер төбелесінен кейін төрт әкім жазаланды
Өңірде кәмелетке толмағандар арасында орын алған шулы оқиғаларға байланысты бірқатар шенеунік жауапқа тартылды. Атап айтқанда, облыстық білім басқармасының жетекшісі мен төрт аудан әкіміне қатаң сөгіс берілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Аймақтағы жасөспірімдер қылмысы мен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өткізген кеңесте талқыланды. Өңір басшысы жауапты мекемелердің әрекетін қатаң сынап, атқарылған жұмыстар көбіне көзбояушылық сипатта қалып отырғанын жеткізді. Ол профилактикалық шаралардың сапасын санмен (тренингтер, сауалнамалар, рейдтер) емес, нақты нәтижемен өлшеуді талап етті.
Отырыс барысында:
- Облыс әкімінің орынбасары сөгіс алды;
- Байзақ, Жамбыл, Талас және Қордай аудандарының әкімдері мен білім басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды;
- Аталған аудан әкімдерінің тиісті салалық орынбасарларына да тәртіптік шара қолдану, ал төрт аудандық полиция бөлімінің бастықтарына қызметтік тексеру жүргізу тапсырылды.
Бұл қатаң шараларға жақында болған қайғылы оқиғалар себеп болды.
Мәселен, қазан айында Байзақ ауылындағы жасөспірімдер төбелесі кезінде 2011 жылы туған мектеп оқушысы көз жұмған еді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
11:49
Ақан Сатаев Атырауда кардиологиялық орталыққа т...
06.11.2026
11:40
Өзбекстанда уланған балалардың бәрі елге оралды
06.11.2026
11:10
Екі қызды зорлағаны үшін сотталған жігіттің жаз...
06.11.2026
11:00
Қазақстанда газ саласындағы тексеру күтпеген нә...
06.11.2026
10:51
«Қазақмыс» Балқашта мазут шығынын 15 %-ға азайтты
06.11.2026
10:41
Жамбылда жасөспірімдер төбелесінен кейін төрт ә...