Жан Ахмадиев Дариғаның экс-күйеуін "үйде әйелдің рөлін атқарған" деп сынады

02.04.2026 11:52 Мөлдір Талғат
Жан Ахмадиев Дариғаның экс-күйеуін
154
Фото: коллаж POLITICO.KZ

Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев туралы өз пікірін ашық білдірді. Ол бұл жайында журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ахмадиев Дархан Мұсаевтың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатын сынға алып, оның әрекетін дұрыс емес деп бағалады.

«Дариғаның экс-күйеуі намысы жоқ еркек. Дархан күллі қазақ жігіттеріне топырақ шашты. Есі дұрыс екі еркек отырып алып біреудің әйелін ешқашан өсектемейді. Мен Дариғаны өмірде көрмегем. Бірақ сырттай бақылаймын, өнерін жақсы көремін, киноларына барамын. Ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында баласы туралы сұраққа “отбасындағы мәселені бұл жерде айтқым келмейді” дейді. Ал еркегі әйелден де төмен болып тұр. Артында сотқа берді. Не үшін? Отбасыдағы нәрсе үйде қалу керек. Оны туыстарың да білмеу керек», — деді ол.

Осы сөздерін жалғастыра отырып, қоғам белсендісі жағдайға қатысты ойын әрі қарай өрбітті.

«Мен Олжасты да танимын, жерлесім. Өте жақсы жігіт. Оның Дариға мен Дарханның арасына түсіп, оларды ажырастырды дегенге сенбеймін. Өйткені ол ондайға бармайтын жігіт. Дархан тықымыр жігіт. Құдай біледі, ол үйде Дариға еркектің рөлін, Дархан әйелдің рөлін атқарған сияқты. Көлік әпермеді дегенін де естіп қалдым. Ол не сөз? Сен әйеліңе әперуің керек қой. “Табысы көтеріліп, мені менсінбей тастап кетті” дейді. Дариға олай істеген жоқ. Оның еркектік дәрежесі Дариғаның табысы көтерілмей тұрып түсіп қалған. Мысалы, мен күнде өсек айта берсем, әйелімнің алдында түсіп қаламын. Еркек еркек болып қалу керек», — деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий