Жан басына шаққандағы энергиямен қамту: Қазақстан әлемдік рейтингте 22-орынға тұрақтады

19.08.2026 00:03 Қанат Айбар
Жан басына шаққандағы энергиямен қамту: Қазақстан әлемдік рейтингте 22-орынға тұрақтады
58
Ашық дереккөздерден

Энергетика институтының (Energy Institute) «Statistical Review of World Energy 2026» баяндамасының деректері бойынша жан басына шаққандағы жалпы энергиямен қамтамасыз ету көрсеткіші ең жоғары 40 елдің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Рейтингте көш басын Исландия бастап тұр (745 гигаджоуль). Бұл елде гидро және геотермалдық энергетика басым әрі энергияны көп қажет ететін алюминий өнеркәсібі дамыған. Екінші және үшінші орындарға мұнай мен газды қайта өңдеу өндірісі жоғары Катар (717 гигаджоуль) мен Сингапур (628 гигаджоуль) жайғасқан. Жалпы алғанда, алғашқы сегіздікте халқы аз, бірақ энергия өндірісі жоғары мемлекеттер (Кувейт, Тринидад және Тобаго, Сауд Арабиясы) басымдыққа ие.

Қазақстан аталған рейтингте 157 гигаджоуль көрсеткішімен 22-орынға тұрақтады.

Салыстырмалы түрде алғанда:

  • Ресей — 12-орын (216,6 гигаджоуль);
  • Түркіменстан — 14-орын (202 гигаджоуль);

  • Беларусь — 31-орын (126 гигаджоуль).

Зерттеу қорытындысы бойынша үздік 40 елдің қатарына Африка мен Оңтүстік Америка құрлығынан бірде-бір мемлекет ене алмады. Тізімнің ең соңғы сатысын Болгария (104 гигаджоуль) түйіндеп тұр.

Войдите, чтобы оставить комментарий