"Жан тыныштығын тапқан": Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелімен түскен видеосы желіні шулатты
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман күйеуімен бірге түскен бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бейнежазбадан өнер иесінің Қытайдан ұшып келген жұбайын әуежайдан гүл шоғымен күтіп алғанын көруге болады. Ерлі-зайыптылардың сағынышпен құшақтасқан сәті түсірілген видео оқырмандар арасында қызу талқыланды.
Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілегін жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.
"Жан тыныштығын Айманнан тапқан болып тұр ғой, бақытты болсын", "Тұрсынбек жаны қалаған адамның қасында, жүрегін тыңдады, махаббат бар шынайы", "Бір-бірін жақсы көретіні көрініп тұр, сағынысып көрісіп тұрғаны да", "Айманның жанында Тұрсынбек бақытты, ол анық байқалады", – деп жазды оқырмандар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...
15.10.2026
18:22
55 оқушы ауруханада: Алматыдағы жаппай улануға ...
15.10.2026
17:53
Ақтөбеде билік митинг өткізуге келісім берді