Тоқаев ауыс-түйіс жүргізді 

05.10.2026 • 10:20 Әсел МҰРАТ
Тоқаев ауыс-түйіс жүргізді 
242
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшасы Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінде ауыс-түйіс жүргізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен:

  • Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
  • Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін президент Қорғаныс министрлігінің бірден үш басшысын қызметінен босатқан еді.

  • Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
  • Алмаз Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
  • Қанат Ниязбеков Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.

27 қыркүйекте Дәурен Қосанов министр қызметінен босатылған болатын. Оның орнына Айдос Мырзахметов келді.

Войдите, чтобы оставить комментарий