Азамат Есқараев елші қызметінен босатылып, Президент Әкімшілігіне келді

05.10.2026 • 10:26 Қарақат АСЫЛОВА
Азамат Есқараев елші қызметінен босатылып, Президент Әкімшілігіне келді
313
Фото: Үкімет

Азамат Несіпбайұлы Есқараев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының тиісті өкімі 2026 жылғы 5 қазанда жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Президент жарлығымен ол Қазақстанның Үндістандағы елшісі және Бангладеш, Бутан, Мальдив Республикасы мен Непалдағы елші қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Есқараев Үндістандағы дипломатиялық қызметке 2025 жылғы 7 сәуірде келіп, қалған төрт елдегі міндетті 2026 жылғы 10 шілдеден бастап атқарған.

Азамат Есқараев кім?

Азамат Несіпбайұлы Есқараев 1979 жылғы 7 қазанда Алматыда туған, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы ДЭЗ-2 мекемесінде жұмысшы болып бастаған, сол жылы сауда саласында да еңбек еткен.

2000 жылдан 2005 жылға дейін Әділет министрлігінде заңнама мен заңға тәуелді актілерге қатысты жұмыстармен айналысып, жетекші маманнан бөлім және басқарма басшысы қызметтеріне дейін көтерілген. Кейін Алматы әкімдігінде бас инспектор, «Қазына» орнықты даму қорының заң қызметінде бас менеджер болған.

2007 жылы Әділет министрлігінде құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесші және ішкі әкімшілік департаментінің маманы болып жұмыс істеп, кейін министрдің көмекшісі қызметіне келген. 2008–2009 жылдары Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментін, 2009–2014 жылдары Заңнама департаментін басқарған.

2014–2019 жылдары Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, 2019 жылғы 26 шілдеден 2023 жылғы 4 қаңтарға дейін осы бөлімге жетекшілік еткен.

2023 жылғы 4 қаңтарда Әділет министрі болып тағайындалып, сол жылғы 4 сәуірде және 2024 жылғы 6 ақпанда қызметіне қайта бекітілген. Министрлікті 2025 жылғы 9 қаңтарға дейін басқарған.

Войдите, чтобы оставить комментарий