Жаңа жыл алдындағы жанжал: Ерке Есмаханның «алтыны» тағы сынға ілікті

15.12.2025 20:09 Берік Арманов Берік Арманов
Жаңа жыл алдындағы жанжал: Ерке Есмаханның «алтыны»  тағы сынға ілікті
0
151
Фото: concert-star.ru. Суретте: Ерке Есмахан

Былтыр дәл осы уақытта, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әнші Ерке Есмахан өзі ойлап тапқан алтын жалатылған сотуарларын сатылымға шығарған еді. Арада бір ай өтпей тұтынушылар 50 мың теңгеге алған бұйымдарының қарая бастағанын айтып, шағымданып жатты. Биыл да Жаңа жыл алдындағы «алтын сотуардың» жыры жалғасып отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Жұлдыз Қиссат есімді мобилограф әлеуметтік желісінде кезінде 50 мың теңгеге сатып алған сотуарының қараюын көрсеткен видеосын жариялады.

«Күлгін алтын дегеніміз ойыншықтардың қатарында екен ғой. Кезінде Ерке Есмаханнан сотуар алғандар қаншамыз қадалып қалдық?» – деп әзіл-қалжың аралас видео жүктеген.

Бұл видео Қазнетте жарты миллионнан астам қаралым жинап, көпшіліктің назарын аударды. Қыз-келіншектер өз тәжірибелерін бөлісті:

«Мен де сеніп сатып алған едім, бірақ қарая бастады. Ақшамды кері талап еттім. Алғашында бергісі келмеді, кейін қайтарды. Бұйымды 12 айға бөліп төлеуге алғанмын, несиесін бүгін төледім. Ал 2900 теңгеге Қытай бижутериясын алуға болар еді», – деп жазды тұтынушылар.

Былтыр алғашқы теріс пікірлер пайда болғанда, Ерке Есмахан өндірістегі «брак» себепті бұйымдарды ауыстыруға дайын екенін айтқан болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий