Өскеменде жаңа жыл түні көпқабатты үйде өрт болды
Көпқабатты үйдегі өрт кезінде 7 адам эвакуацияланды
Жаңа жыл түні Өскемендегі көпқабатты үйде өрт болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға Қазақстан көшесінде орналасқан үйдің жетінші қабатында тіркелді. Бұл туралы ШҚО ТЖД хабарлады.
«Келген өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 7 тұрғынды, соның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт 4 шаршы метр аумақта жылдам сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларда балконның ашық жалынмен жанып жатқанын байқауға болады. Сонымен қатар, сол уақытта аспанда жаңа жылдық отшашулардың дауысы естіліп тұрды. Өрттің нақты себебі әзірге анықталған жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
22:19
Реджеп Тайып Ердоған Қазақстан әуе кеңістігінен...
02.11.2026
20:58
Қазақстанда «Кек алушылар: Доктор Дум» фильміні...
02.11.2026
19:46
Алматыда «Dostyk Plaza» СӨО келушілері жарылыс ...
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...