«Жәнібек ақ!»: Әлімханұлының менеджері күтпеген мәлімдеме жасады 

21.01.2026 15:48 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Жәнібек ақ!»: Әлімханұлының менеджері күтпеген мәлімдеме жасады 
0
291
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы мен Берік Сұлтан

Допинг дауына іліккен қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлынның менеджері Берік Сұлтан ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, В сынамасынан да тыйым салынған зат табылған. Ол Жәнібектің ақ екенін айтып, әліптің артын бағуды сұрады. Допинг дауы бойынша мамандар бұл мәселемен айналысып жатыр.

«Жәнібек ақ! Тыйым салынған ешқандай зат қолданбайды! Бокстағы допинг дауы бойынша мамандар айналысып жатыр. Промоутер, менеджер мен заңгерлер жұмысын жасауда! Жәнібек те, мен де ештеңе жасай алмаймыз, біздікі тек күту! Барынша аз уақытқа шеттетілу бойынша жұмыс жасалып жатыр! Қайғырып отыра бергеннен ештеңе шешілмейді! Бұдан да өтеміз!», - деп жазды ол.

Берік Сұлтанның жазуынша, мамандар бұл заттың ағзаға қалай түскенін анықтап жатыр.

«В сынамасынан да сол зат шыққан екен. Өкінішті, әрине! Бірақ басқаша болу мүмкіндігі төмен еді. Ендігі қадам не болады соны күтудеміз. Біздің мамандар айналысуда. Қайдан ағзаға кіруі мүмкін деген сұрақтар көтерілуде! Өйткені Жәнібек ондай тыйым салынған зат қоданбаған! Күтейік ақырын!», - деп жанкүйерлерді сабырға шақырды.

Айта кетейік, допинг сынамасының түпкілікті нәтижесі мен ресми шешім 23 қаңтар жариялануы керек. Алайда күні кеше В сынамасынан да тыйым салынған зат табылғаны анықталған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий