Жантүршігерлік жол апатынан 955 адам қайтыс болды

Жантүршігерлік жол апатынан 955 адам қайтыс болды
17.07.2025 10:13
0
293
Фото: freepik.com

Бас прокуратура елімізде жол-көлік оқиғалары көбейгенін мәлімдеп, азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған POLITICO.KZ. 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың 6 айында елімізде 15 698 жол-көлік оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға артық.

6 айда Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының салдарынан 22 346 адам зардап шегіп, оның 955-і қайтыс болған.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі республикалық маңызы бар тас жолдарда тіркелген – 1 401. Салдарынан 3 146 адам зардап шеккен. Олардың 2791-і жараланып, 355-і қайтыс болған.

Ең көп ЖКО Алматы – 404, Ақмола – 126 және Жамбыл – 121 облыстарында тіркелген.

Жол-көлік оқиғасына кінәлілер:

  • Жеңіл автокөлік (ЖКО саны – 12 046), автобус (520), мопед (438), жүк көлігі (390) жүргізушілері.
  • Жаяу жүргіншілер – 428.
  • Велосипедшілер – 114.
  • Шағын электр көлік құралының жүргізушісі – 58.
  • Электр самокат жүргізушісі – 48.

Жол апаты салдарынан жараланған балалардың саны 74,3 пайызға (3185-тен 5552-ке) дейін, көз жұмған балалар саны 7,1 пайызға (126-дан 135-ке) дейін өскен.

Қаза тапқандардың көпшілігі – Түркістан (27 адам), Алматы (17 адам), Жамбыл (9 адам) және Жетісу (9 адам) облысының тұрғындары.

Осы орайда Бас прокуратура қайғылы салдарға жол бермеу үшін азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий