Жантүршігерлік жол апатынан кейін Алматы полициясы бастығының орынбасары қызметінен босатылды

26.03.2026 22:08 Қарақат АСЫЛОВА
Жантүршігерлік жол апатынан кейін Алматы полициясы бастығының орынбасары қызметінен босатылды
297
Полиция басшылары қызметінен босатылды

Алматы қаласында болған резонанстық жол-көлік оқиғасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен алғашқы сәттен бастап ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.  

Полицейлер жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік күйде болғанын растады. Оқиға бойынша ZEEKR автокөлігінің жүргізушісіне сот санкциясымен қамау шарасы қолданылды, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қала полициясы басшыларының бірінің әрекетсіздігі үшін де қылмыстық іс ашылып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Министрдің бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаментінің сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметінен босатылды. Бұл шешім жол-көлік оқиғасы кезінде орын алған заң бұзушылықтар мен әрекетсіздіктерді анықтау мақсатында қабылданды.

Барлық тексерістер объективті және толық жүргізілуде, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда барлық қатысушылар жауапқа тартылмақ.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев азаматтарға тексерілмеген ақпарат тарату мен асығыс қорытынды жасауға болмайтынын ескертті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий