"Жаны қиналады": психолог Баян Алагөзоваға талдау жасады

09.06.2026 13:33 Мөлдір ҚАЙНАР
311
Фото: әлеуметтік желі

Психолог Анар Қыдықова танымал продюсер Баян Алагөзованың мінез-құлқына кәсіби тұрғыда талдау жасап, оның неге жиі қоғам назарында жүретінін түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Маманның айтуынша, көпшілік Баян Алагөзованы нарцисс деп қабылдауы мүмкін. Алайда оның пікірінше, продюсердің тұлғалық ерекшелігі психологиядағы «истироид» типіне көбірек сәйкес келеді.

Баян Алагөзоваға қарап, оны көбінесе тұлға ретінде «нарцисс» деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол нарцистер сияқты салқынқанды, тұйық емес. Керісінше, барынша шығармашылыққа жақын, адамды өзіне қаратындай жарқын адам. Мұндайды психологияда «истироид» деп атайды. Оны продюсердің үнемі бір оқиғалардың басы-қасынан жүруінен байқауға болады.Ол елдің алдында жүрмесе, жаны қиналады.», – деді психолог.

Анар Қыдықованың сөзінше, мұндай мінез тек қоғамдық өмірінде ғана емес, жеке өмірінде де байқалады. Ол өзін де, айналасындағы адамдарды да жоғары талаппен бағалайды, көп еңбек етеді және бәрін бақылауда ұстауға тырысады.

«Мұндай адамдар сырттай нәзік әрі шығармашыл көрінгенімен, жұмыс барысында өте талапшыл, кейде қатал болуы мүмкін», – деп түсіндірді маман.

Алайда психологтың бұл пікірімен келіспеген желі қолданушылары да аз емес. Көпшілік Баян Алагөзованы қазақ шоу-бизнесіндегі батыл, еңбекқор әрі табысты әйелдердің бірі деп бағалап, оның жетістіктері мінезінен емес, еңбекқорлығының нәтижесі екенін жазып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий