«Жаның жәннатта болсын»: Меруерт Түсіпбаева жан тебірентерлік жазба жариялады
1554
Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота клиникасында кенеттен көз жұмған құрбысы Сәуле Базарханды еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі жан құрбысының өмірден өткеніне 40 күн толғанын айтып, оған деген қимастық сезімі мен сағынышын жеткізді.
Меруерт Түсіпбаева құрбысының қазасы қабырғасын қайыстырғанын айтып, желідегі оқырмандарымен мұңымен бөлісті:
"Егер қайтыс болған жақыныңды жылап жоқтау, қимай іздеу күнә болса, Жаратқан көз жасын пендесінің бойына жаратар ма еді?! Өмір барда өлім хақ дегенімізбен, мұңаюдың да өз орны бар-ау. Жан-жағына нұрын шашқан Сәуленің ортамыздан кеткеніне 40 күн... Жаның жәннатта болсын, жан құрбым", – деп жазды әнші.
Эстрада жұлдызы марқұммен бірге өткізген бақытты шақтарын еске алып, оның жарқын болмысы мен ерекше адамгершілік қасиеттерін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...