"Жаныңыз жәнатта болсын": Гүлзира Айдарбекова қаралы хабар естіртті

16.01.2026 16:39 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
1463
Фото: видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабармен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Продюсердің анасының абысыны дүниеден өткен. Марқұмның жеті күндік асына арнайы барған Гүлзира Айдарбекова ауылдағы естеліктерін, Күлше апамен болған әсерлі сәттерін жазды.

«Бұл — мен бұрын ауылға келген сайын инстаграмға салып жүретін Күлше апам. Алдыңғы жолы келгенімде шапанын жауып, ақ орамалын тағып, ақшалай сыйлығымды беріп, маңдайымнан қысып, анамды көргендей құшақтап, бетімнен сүйіп, батасын беріп шығарып салған еді. Анамыз бір ғасырға жуық өмір сүрді. Анамның абысыны болатын, үйлеріміз қарсы бетте орналасқан, “сіздің үй, біздің үй” деп бөлінбейтінбіз», – деп еске алды продюсер.

Ол Күлше апаның отбасы үшін ғана емес, бүкіл әулет үшін орны бөлек жан болғанын атап өтті.

«Бір жағымда Баян әпкем, бір жағымда тай-құлындай тебісіп өскен Жанат әпкем, жанында қыздары, келіндері отыр. Күлше апамыз бір ғасыр ғұмыр кешсе де, қимастық сезімі бәріміздің жүрегімізді қысты. Ол – балалық шағымыздың, ата-анамыздың елесіндей еді. Көрген сайын анамызбен бірге самаурынның шайын ішіп, әңгіме-дүкен құрған сәттер көз алдыма келеді. Бүгін жеті күндік асын беріп, қонақтарды шығарып салып, жақындарымен отырып, анамызды еске алдық», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова марқұмның көзі ретінде келіндеріне қазақы нақыштағы бұйымдар таратылғанын да атап өтті.

«Ғаршандағы Күлше апамыздың бір ғасырлық ғұмырын бізге де берсін. Өзінің тағып жүрген күміс білезігі, иісі сіңген орамалдары, кеудеше-нүмшелері келіндеріне аманат болып қалды», – деп түйіндеді продюсер.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий