"Жақ сүйегін сындырып ота жасатқан": Ерке Есмахан сұлулық үшін қандай құрбандыққа барған?
Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында бетіне пластикалық операция жасатқаны жөніндегі қауесеттерге ашық түрде жауап берді.
Әлеуметтік желіде біраздан бері талқыланып жүрген бұл тақырыпқа қатысты өнер иесі өз ұстанымын нақты жеткізді. Оның айтуынша, сырт келбетінің өзгеруі – табиғи процесс, ал ол ешқандай хирургиялық отаның көмегіне жүгінбеген.
“Езіліп кеткен тема ғой. Қазір бәрі өз операцияларын ашық айтып, тіпті мақтаныш етеді. Мен де жасасам, жасырмай турасын айтар едім. Біреуден қорқып немесе ұялып қалатын адам емеспін. Тағы да айтам: бетімді кесіп, тартқызған жоқпын, сүйек сындырған емеспін — бәрі өзімдікі. ‘Жасағаның айдан анық қой’ дейтіндерге де айтарым бар: мен бұрын кішкентай қыз болсам, қазір жайқалған әйелге айналдым. Сол себепті сұлу болып көрінуім — табиғи нәрсе. Ал пластика деп қоймайтындар ұйықтаңдар енді осы инфомен”, — деп жазды Ерке Есмахан оқырмандарының сұрағына жауап беріп.
Әнші өз сөзінде егер қандай да бір косметикалық немесе пластикалық процедура жасатса, оны жасырмай, ашық айтар едім деп сендірді. Ол табиғи сұлулықты бағалайтынын және сұлулыққа жетудің басты құпиясы — өз-өзіне күтім мен өмірлік қуат екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы пластикалық хирургтармен сұхбатында Ерке Есмаханның бетіне хирургиялық жолмен түрлі ота жасатқанын, тіпті жақ сүйегін сындырып түзеткенін айтқан еді. Дегенмен, әншінің бұл мәлімдемелерді жоққа шығаруы желіде қызу пікірталас тудырып, оқырмандар екіге бөлінді.
Соңғы жаңалықтар