Жаркентте баласын ұрған әйел мен күйеуінің жағдайына қатысты тың дерек шықты

21.01.2026 11:42 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Жаркентте баласын ұрған әйел мен күйеуінің жағдайына қатысты тың дерек шықты
0
518
kursiv.media/

Жетісу облысының Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында баласын батареяға байлап, ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ана ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ал әке екі баласына қайта қосылу үшін шұғыл түрде баспана табуға міндеттелді. Комиссия оған 10–15 күн уақыт берген. Kursiv.Media осы отбасының жағдайымен танысып, өткір әлеуметтік мәселеге назар аударды, деп хабарлайды Politico.kz

30 жастағы Тайыр Құрбанжанов пен 28 жастағы Мария Белекова 2020 жылдан бері бірге тұрады. Олардың 5 жастағы Рафаэль және 2 жастағы Юсуф атты екі баласы бар. Тайырдың айтуынша, отбасы тұрақты баспанасыз жүріп, Алматы, Талдықорған, Талғар қалаларын паналаған, күнкөріс үшін көбіне мал баққан. Қыс түскен соң Жаркентке оралып, бір танысының бір бөлмелі пәтерін уақытша мекендеген.

Даулы оқиға 17 қаңтарда болған. Әке балалардың денесіндегі көгерген іздерді жиі байқағанын, анасының «балалар өздері төбелесіп қалады» деп ақталғанын айтады. Сол күні Тайырдың өтінішімен түсірілген видео желіге тарап, шындық әшкереленген.

«Мен дүкенге шығып кеткенде болған. Видеоны көрген бойда полицияға және журналистке жібердім», – дейді ол.

Мария Белекова уақытша тергеу изоляторына қамалып, екі бала арнайы тәрбиелеу орталығына жеткізілген. Полиция кәмелетке толмағанға күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Психологтың айтуынша, балалар анасына қатты қорқып қалған. Көрсе қашады», – дейді Тайыр. Әкесі екі жасар Юсуфтың да денесінде көгерген іздер барын айтып, фотоайғақтарды редакцияға жолдаған.

Комиссия шешімі
19 қаңтарда қамқоршылық комиссиясы Белекованы ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Сонымен бірге Тайырдың балаларын өз қамқорлығына алуына шарт қойылған: алдымен баспана табуы тиіс.

«Үй таппайынша, балаларды алып кете алмайсың деді. 10–15 күн уақыт берді», – дейді ол.

Тайыр қазір жұмыссыз, бір қолы істемейді, үшінші топтағы мүгедек. Әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұр, бірақ кезек ұзақ. «Тегін жатақхана да бермеді», – дейді ол. Жаркентте үй кезегінде 250–260 адам бар екенін айтады.

«Екі баласы бар, мүмкіндігі шектеулі отбасыға кемі екі бөлмелі пәтер қарастырылуы тиіс. Үй болмаса, баланы да көрмейсің дейді. Әкімдік тым құрыса уақытша жатақхана берсе екен», – деп көмек сұрады Тайыр Құрбанжанов.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий