Жетісуда ұлын байлап сабаған анаға үкім шықты

18.02.2026 09:18 Арман Ермеков
Жетісуда ұлын байлап сабаған анаға үкім шықты
140
Өз перзентіне қатыгездік танытқан анаға қатысты үкім шықты / Фото: бейнеден кадр

Жетісу облысында өз баласына қатыгездік танытқан анаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Панфилов аудандық соты 4 жасар ұлын соққыға жыққан 28 жастағы Мария Белекованы қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оны психиатриялық стационарға жатқызу туралы шешім қабылдады. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша әйелдің туа біткен психикалық ауытқуы және жеңіл ақыл-ой кемістігі бар екені анықталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға 2026 жылдың 18 қаңтарында болған. Бүлдіршін ваннадағы су шүмегін ашық қалдырып, бөлмені су басқан соң ашуланған анасы баланы жылыту батареясына байлап, сабаған. Бұл сәтті отбасының танысы видеоға түсіріп алып, кейін бейнежазба мессенджерлер арқылы тарап кеткен.

Сотталушы қылмыс кезінде өз іс-әрекетінің мәнін түсінбегендіктен және айналасындағыларға қауіп төндіретіндіктен, сот оған жалпы үлгідегі стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасын тағайындады. Зардап шеккен бала мен оның бауыры арнайы сәбилер үйіне орналастырылды.

Еске салайық, Жаркент қаласында болған бұл жайт қаңтар айының соңында қоғамда қызу талқыланған еді. Сол кезде әйелдің жолдасы Тайыр Құрбанжанов әйелінің психологиялық ауытқулары бар екенін білгенін мәлімдеген болатын. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий