Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жасар қыз тоққа түсіп, көз жұмды

14.07.2026 12:59 Мөлдір ҚАЙНАР
Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жасар қыз тоққа түсіп, көз жұмды
39
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

​Жетісу облысының Жаркент қаласында мектеп аумағында ойнап жүрген бесінші сынып оқушысы тоқ соғуынан қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

​Қайғылы оқиға 9 шілдеде бала оқитын мектептің ауласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы ойнап жүріп есігі ашық тұрған трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кеткен. Сол жерде оны электр тогы соққан. Ауыр жарақат алған қыз дереу Жаркент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Айта кетейік, марқұм келесі күні, яғни 10 шілдеде 10 жасқа толуы керек еді.

​Қазіргі уақытта қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету немесе жұмыс орындау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары нысанның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетін тексеріп жатыр.

Сондай-ақ мұндай жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкілетті органдарға заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама жолданған. Істің барысы полиция басшылығының жеке бақылауында тұр.

Войдите, чтобы оставить комментарий