"Жарық сыйлады": Ақан Сатаевтың бірінші әйелі неге қызбен некелескенін айтты

05.01.2026 10:14 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
634
Azattyk Ryhy

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы жары Назира Бақаева өзінен жас қызбен бірге өмір сүруінің себебін алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды politico.kz.

Эксклюзивті сұхбатында Назира Бақаева жеке өміріндегі ауыр кезеңдерге тоқталып, ажырасуға алып келген ішкі күйзелістерін баяндады. Оның айтуынша, ұзақ жылдар бойы өзін жеке тұлға ретінде емес, тек келін, ана, жар рөлінде ғана көріп келген.

Назира Бақаева ата-енесін соңғы деміне дейін бағып, қара шаңырақтың түтінін түтеткенін, бар күш-жігерін отбасы үшін жұмсағанын айтты. Алайда уақыт өте келе өзінің арман-мақсаты мен жеке дамуын кейінге ысырып қойғанын түсінген.

Осыдан кейін ол өзінен бірнеше жас кіші Doris есімді бойжеткенмен жақын араласа бастаған.

«Doris-қа деген алғысым шексіз. Ол мені қараңғылықтан алып шықты, өміріме жарық сыйлады. Әйел әйелге тірек бола алатынын өз басымнан өткердім. Алғашында бізді жұмыс пен шығармашылық жақындатты, кейін бірге тұруға шешім қабылдадық», – дейді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий