Жазира Байырбекова келініне неге ақыл айтпайтынын түсіндірді

18.08.2026 11:18 Мөлдір ҚАЙНАР
Жазира Байырбекова келініне неге ақыл айтпайтынын түсіндірді
97
Фото: zhazira_bairbekova/

Танымал әнші Жазира Байырбекова "Таңшолпан" бағдарламасында отбасылық өмірінің қыр-сырымен бөлісіп, келіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі келінінің қарапайым қылықтары өзінің жас күнін еске түсіретінін жасырмады.

"Мен өзімнің келініме қарап аңқау, көп нәрсе білмейтін өзімнің жас кезімді еске түсіремін. Сондай білмей тұрғанымен сүйкімді сияқты. Жас келін өмір көріп тастаған сияқты келіп өзіңе ақыл үйретіп тұрса, ол кезде әдемі болмай қалады деп ойлаймын. Жас келін білмей келгенімен әдемі. Біз үйреткенімізбен енеміз. Мен былай істе, былай істе деп көп айтпаймын. Менің болмысыма қарап, өткен өміріме қарап, айналаға қарап, өзі тәрбие алып жатыр деп ойлаймын", – дейді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі жастарды жөнсіз ақылмен шаршатқанша, керісінше олармен кеңесіп отырған дұрыс деген пікірде.

"Келінге де, балаға ақыл айта берсең қазір ақпараттық заман, миы ашып кетеді ғой. Мен керісінше ақыл сұраймын. Мынаны кисем қалай, былай барсам қалай деп. Үйге келсек әрнәрсе пісіріп қояды. Көңілімізге барынша қарауға тырысады", – деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий