Жазира Байырбекова: Мен тым ыңғайлы әйел екенмін

27.07.2026 09:25 Мөлдір ҚАЙНАР
Жазира Байырбекова: Мен тым ыңғайлы әйел екенмін
274
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы мен өмірлік ұстанымдары туралы сыр шертіп, қазіргі жастардың әрекетіне қарап өзін «тым ыңғайлы әйел» деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі күйеуінен ешқашан материалдық нәрсе сұрамағанын, бар уақытын отбасы мен жұмысына арнағанын жеткізді. Ол ерлі-зайыптылар арасында міндеттерді бөлмей, ауырды да, жеңілді да бірге көтергенін айтады.

"Қазіргі жастардың іс-әрекеттеріне қарасам мен тым ыңғайлы әйел екенмін. Күйеуімнен ешқашан материалдық ештеңе сұрамаппын. Қыздармен қыдырып, күйеуімсіз достармен бас қосып көңіл көтермеппін. Жұмысыма, отбасыма арнадым уақытымның бәрін", — деді әнші.

Сондай-ақ ол отбасында әрдайым жұбайының шешімін күтіп, оның қалауын бірінші орынға қойғанын атап өтті. Өмірдегі жетістіктерін кейбір қателіктерінің нәтижесі деп қабылдайтынын айтқан ол кей жағдайда бәрін мінсіз жасамаудың да пайдасы бар екенін жеткізді.

"Өзімді бірінші орынға қоймай күйеуімді бірінші орынға қойып, әр шешім қабылдарда күйеуімнің көзімен қарап, күйеуімнің қалауын ескеріппін. Бәрін дұрыс жасаймын деп өмірлерін құртып алып жатқан жас отбасылар қаншама. Кейде кей нәрселерді дұрыс жасамаған да пайдалы, Аллаға шүкір", — деп түйіндеді өнер иесі

Войдите, чтобы оставить комментарий