Желіде Алмазбек Садырбайдың видеосы тарады

05.11.2025 23:11 Берік Арманов
Желіде Алмазбек Садырбайдың видеосы тарады
0
138

Мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмазбек Садырбай өзіне қатысты қылмыстық іс бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Казтаг-қа сілтеме жасап.

«Бір жылдан бері қамауда отырмын. Осы уақыт ішінде үндемей, шыдап, үміттеніп келдім. Осы кезеңде мені 10 рет этаппен ауыстырды. Тергеудің соңғы күнінде, қамау мерзімі аяқталуға жақын кезде, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы істі жаңа баптармен толықтырды – “ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу” және “мүлікті заңдастыру” деген айыптар қосты. Соның арқасында менің қамау мерзімім тағы ұзартылды», – делінген хабарламада.

Алайда әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдеме жасанды интеллект көмегімен жасалғаны белгілі болды.

Алмазбек Садырбайдың видеоүндеуінде оның кінәсін дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ екені айтылады.

Оның пікірінше, өзіне қатысты істің себебі – қоғамдық белсенділігі. Соңғы уақытта ол фермерлердің мәселелерін, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығындағы түйткілдерді көтеріп, сын пікір айтқан.

«Мен тұтқындалғаннан кейін Алматы облысының прокуратурасы БАҚ арқылы “Алматы қаласында маған тиесілі алты элиталық пәтерге тыйым салынды” деген жалған ақпарат таратты. Бұл шындыққа жанаспайды. Мен рақым емес, тек әділдік пен шындықты талап етемін», – делінген Садырбай атынан жасалған үндеуде.

Алмазбек Садырбай өткен жылдың қараша айында ұсталған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий