Жетісайдағы тойда даулы сөз сөйлеген қарияның ісі сотқа өтті
Түркістан облысында той үстінде айтқан сөзі үшін айыпталған 66 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ер адамға әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру бабы бойынша айып тағылған. Полиция департаментінің мәліметінше, істің саралануы өзгертілмеген және оған ешқандай қосымша жаңа баптар енгізілмеген.
Тергеу амалдары кезінде бірнеше бағытта кешенді сараптамалар, соның ішінде дінтану, саясаттану және психологиялық-лингвистикалық зерттеулер жүргізілген.
Күдікті ретінде танылған азамат бұған дейін 2 айға қамауға алынған еді, құқық қорғау органдары оның бұл мерзімін ұзартпаған. Қылмыстық іс материалдары 26 тамызда сот өндірісіне берілді, ал өзге жайттар тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...