Жетісу облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жол апаты «Сарыөзек – Көктал» автожолының 110-шақырымында болған.
Екі Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, автокөліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмып, тағы бір адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полиция қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...
17.10.2026
13:40
Астанада бойжеткеннің бөксесінен ұстап соңынан ...
17.10.2026
12:18
ҰБТ-ға жасанды интеллект енгізілмек: 2027 жылы ...
17.10.2026
11:26
Путин Украинаға жаппай соққы жасауды жалғастыру...
17.10.2026
10:18
«Әкеме бұл жұмысты тапсырмауы керек еді»: Ақтөб...
17.10.2026
09:21
Маңғыстауда аурухана ақшасын жымқырып келген ба...